Арыстанғани Заппаров ІІМ орынбасары болып тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Өкімімен Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне Арыстанғани Расылханұлы Заппаров тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тағы бір Өкімімен Махамбет Хайыржанұлы Абисатов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Арыстанғани Расылханұлы әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіакадемиясының Заң институтын бітірген.

Ішкі істер органдарында 1993 жылдың қараша айынан бері қызмет атқарады. Ортажәне жоғарғы басшылық құрамдағы қызметтерді атқарды. Жергіліктібөліністердегі басшылық қызметте мол тәжірибесі бар.

Әр жылдары Алматы облысы Полиция департаменті Еңбекші қазақ ауданының Полициябасқармасын, Алматы қаласы Алатау ауданы Полиция басқармасын, Ақмола облысыПолиция департаменті Степнагорск қаласы Полиция басқармасын басқарды, Ақтөбеоблысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.
2018 жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткіқылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы қызметін атқарады.
2019 жылы сәуір айында Қызылорда облысы полиция департаментіне басшы болыптағайындалды.

Соңғы жаңалықтар