Арыстық 100 бала Шалқардағы лагерьлерде демалып жатыр

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Арыстан келген 100 бала мен 8 тәрбиеші Шалқардағы Ақмола облысының білім басқармасына тиесілі «Чайка» және «Сокол» лагерьлерінде демалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық білім басқармасыныңмәліметінше, бұл - Арыстан келіп отырған балалардың екінші тобы. Алғашқы келген145 бала бірнеше топқа бөлініп, Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыруорталығы мен «Самұрық» лагерінде демалған болатын.

«Жалпы, 500-ден астам баланы Ақмолаоблысындағы демалыс лагері мен сауықтыру орталықтарында демалдыру жоспарланса, 1шілдеде 145 бала Бурабайдағы «Звездный» және «Самұрық» лагерінде демалды.Арыстық балалар үшін Ақмола облысыныңкиелі жерлері мен Бурабайдың көрікті орындарына саяхат ұйымдастырылды. Ендіміне, 100 бала мен 8 тәрбиеші Шалқардағы «Чайка» және «Сокол» лагерьлерінежайғастырылды. Бұл балаларға да түрлі мәдени, спорттық шаралар қарастырылған», дейді ведомстводан.

Білім басқармасындағылар атап өткендей, бұданбөлек, тамыз айында Зеренді ауданындағы демалыс лагерьлерінде 145 бала және«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 150 баланы қабылдаужоспарланған.