Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы осы шілде айында Арыстағыжарылыстан зардап шеккен отбасылардың үйлері жөнделіп жатқанын ескере отырып,мектеп жасындағы арыстық 250 оқушы балаға арналған «ENU Team» атты жазғыдемалыс лагерін ұйымдастыруды қолға алды.
30 күнде мектепоқушылары жай демалып қана қоймай бос уақытын тиімді пайдаланып, заманауиәдістемелерді қолдана отырып білімін жетілдіреді (ағылшын тілі оқыту,робототехника үйрену, спорттық шаралар өткізу), жеке қабілетін дамыту, т.байналысады.
Түркістан облысыныңТөле би ауданында орналасқан «Біркөлік шатқалына» арыстық 50 бала келіп жайғасты. Жалпы əр маусымда балалар онда 10 күнненболады. Ал қалған 200 бала келесі онкүндікте осы лагерь мен Қасқасу елдімекенінде орналасқан «Көк төбе» жазғы лагерінде демалады.