Арыстық балалар Атыраудағы «Тұлпар» жазғы сауықтыру лагерінде демалуда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауға Арыс қаласынан 88 бала «Тұлпар» жазғы сауықтыру лагеріне демалуға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыстық балалар «Тұлпар» тынығу лагерінде екі ауысыммен демалады. Облыстықбілім беру басқармасының бас маманы Карима Бөкенованың айтуынша, балаларды алдымен«Хан ордалы Сарайшық» және тарихи-өлкетану мұражайларына апарған. Мақсат,балаларды өлке тарихымен таныстыру. Сондай-ақ, бүлдіршіндердің бойынаәскери-патриоттық тәрбие сіңіру үшін, лагердегі әскери клубтар да қарқындыжұмыс жүргізуде.

Бұданбөлек, демалушыларды қала тынысымен таныстырып, түрлі ойын-сауық орталықтарынаапару жоспарда бар. Сонымен қатар, атыраулық кәсіпкерлердің қолдауымен Арыстанкелген балаларға спорттық киімдер мен мектеп құралдары және жаздық жейделертабысталды. Сыйлыққа кенелген бөбектердің қуанышында шек жоқ. Солардың бірі,Арыстық Шыңғыс Саттархан:
«Мен мұнда келгеніме 3 апта болды . Содан бері түрлі-түрлі сайыстарғақатысып, концерт көріп жатырмыз. Оған қоса, «Сарайшық» көне қалашығынабардық. Ол жер маған қатты ұнады. Жалпы, біздің көңілімізді көтеріп барлықжағдай жасап жатырған Атырау облысының тұрғындарын және лагердегі апайларымакөп рахмет айтамын. Сондай-ақ, бізге мектеп құралдары мен киім-кешек беріпжатырған кәсіпкер аға-апаларымызға айтар алғысымыз шексіз«, - деді ол.