Арыстықтар Атырау облысының тұрғындарына ризашылығын білдірді

Фото: None
АТЫРАУ.ҚазАқпарат- Атырау облысы тұрғындарының көмек-қолдауының арқасында қазір Арыста 482 үйді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі мезетте Атырау облысына бөлінген секторда 13 құрылыс мекемесі қызмететуде, 500-ден астам адам және 20-ға жуық техника тартылған. Құрамында облысәкімінің орынбасары мен кеңесшілері бар ведомствоаралық топ осы жұмыстардыүйлестіріп отыр. Қазір бірнеше үй толықтай қалпынакелтірілді.
Бұл жөнінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Арысқа жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр Асқар Маминге баяндады. Содан соң,облыс әкімі мердігер ұйымдардың басшыларымен кеңес өткізді.
«Осында орын алған оқиға бүкіл елімізге ауыр соққы болды. Қазақстанныңтүкпір-түкпірінен адамдар Арыстың тұрғындарына көңіл білдіріп, түрлі көмеккөрсетіп жатыр. Үйлерді қалпына келтіру жұмыстары сапалы жүргізіліп, уақтылыаяқталуы тиіс. Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Үйлерді салғандакірген адамдар риза болып, сіздерді жылы сезіммен еске алатындай қылыпістеңіздер»,-деді Нұрлан Ноғаев.
Өңір басшысы кеңестен соң Арыстың тұрғындарымен кездесіп, тілектерінтыңдады.
«Облыстың тұрғындары Мемлекет басшысыныңүндеуін қолдап, Арысты қалпына келтіруге белсенді атсалысуда. Гуманитарлықкөмек, қаражат жіберілді, еріктілер барды. Бұл бала кезімізден қанымызға сіңгенқасиет, қиын-қыстау сәтте еліміздің тұрғындары отандастарын қолдаусызқалдырмайды»,-деп атап өтті облыс әкімі.
Өз кезегінде, Арыстың тұрғындары қолдау көрсеткені үшін атыраулықтарғаризашылығын білдірді.
«Біз барлығына да, Елбасына, Президентке, Атырау облысының тұрғындарыназор рахмет айтамыз. Сапалы, жақсы үйлердің қарқынды салынып жатқанын көріпотырмыз. Сын сәтте шеткері қалмай, қолдау көрсеткендеріңізге рахмет. Үйлерімізбіткесін Атырау облысының тұрғындарын қуана-қуана шақырамыз. Сіздерұмытылмастай болып есімізде қаласыздар»,-деді Арыстың тұрғыны БибіхадишаМомын.

Соңғы жаңалықтар