Арыстықтарға берілетін 100 мың теңгенің қашан аударылатыны белгілі болды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуға Қазақстан Республикасы Индустрияжәне инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жәнеаумақтық департаменттер басшылары мен Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарынажауапты еліміздің барлық облыстарынан келген өкілдер қатысты.

Онда үстіміздегі жылдың 24 маусым күні Арысқаласында болған төтенше жағдайдан бүлінген тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандармен жолдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары және кәсіпкерлер ментұрғындарға көрсетіліп жатқан көмектердің жай-күйі талқыланды.

Индустрия және инфрақұрылымдық дамуБірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, Арыс қаласындағы 8634тұрғын үйдің 7197-сіне төтенше жағдай кезінде зақым келген. Бүгінге дейін оның6924-інде жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал қалған үлердің құрылысы осы айдабітеді деп жоспарлануда.

Ал, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқатқоры» АҚ-на жүктелген әлеуметтік нысандардың бүгінге дейін 15-інің құрылысыаяқталып тапсырылған. Аталған қордың басқарма басшысының орынбасары АрманЖетпісбаев қалған нысандардың жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін түгелаяқталатынын айтты.

Жалпы жоспар бойынша Арыс қаласындағы 62көше жөндеуден өтетін болса, қазір 45 көшеде құрылыс жұмыстары жүруде. Бүгінгедейін 6-уы ел игілігіне тапсырылып, тағы 10 көшенің жұмысы толық аяқталуалдында тұр. Қалада 26 аялдаманың 6-уы заманауи аялдамаларға ауыстырылды.Анықтау жұмыстарының нәтижесінде қосымша жаңадан 8 аялдама қою қажеттігібелгілі болған.

Сондай-ақ, жиын барысында төтенше жағдайкезінде шығынға батқан бизнес өкілдеріне де тиісті көмектер беріліп жатқанымәлім болды. Мәселен қаладағы 536 кәсіпкерлік нысанның 509-на жарылыс кезіндематериалдық шығын келген. Оларға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныңтарапынан қаржылай қолдаулар және 6 мыңнан астам әртүрлі көмектер көрсетілген.

Одан бөлек, төтенше жағдайдан зардапшеккен арыстықтарға бір реттік өтемақы төлеу мақсатында 57 мыңнан астамтұрғынның мекенжайы анықталған. 18 жастан асқан азаматтардың төлем карточкаларытүгел дайындалып, 5 тамыздан бастап таратыла бастаған. Бүгінге дейіназаматтардың 85 пайызы өз төлем карточкаларын алған. Қалған тұрғындар 9 және 15секторларда орналасқан мектеп пен балабақшадан барып алуға болады. Карточкалартолығымен таратылып болған соң, тиісті қаржы аударылады.

Атқарылған жұмыстармен танысып шыққанаймақ басшысы әлі де жұмысты ширата түсу керектігін айтты. Жауаптыларға біріншікезекте құрылыс жұмыстарын қажет ететін тұрғын үйлердің мәселесін тездетіпшешуді тапсырды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар мен жолдардың құрылыс жұмыстарыжәне тұрғындар мен кәсіпкерлерге көрсетілетін көмектер жоспарға сай дер кезіндекөрсетілуі керек екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар