«Болашағынан үміт күттірер бүлдіршіндеріміздің алтын ұясының ашылу құрметіне қатысып отырған баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, баянды ғұмыр, қажымас қайрат, күш-қуат, ырыс-несібе, молшылық тілеймін» - деді Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек.
Тәуелсіз еліміздің үкілеген үміті - жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата-ана болса, екінші бесік - білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы саналып қана қоймай, жан-жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын саналады.
Осыған сәйкес, Мемлекет басшысы еліміздің ең кішкентай азаматтарына жасаған айырықша қамқорлығы «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту болып саналады.
Аталған бағдарлама аясында қалада бүгінгі таңда 46 мектепке дейінгі ұйым жұмыс атқарып келеді. Онда 3850 бала тәрбиеленуде, яғни 80,1 пайызды құрап отыр. Соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында Арыста 23 балабақша, 10 мемлекеттік, 13 мектеп жанынан ашылған балабақша жұмыс жасауда.