Бүгін Арыс қаласында 2500-ге жуық оқушы 1-сынып табалдырығын аттаса, Түркістан облысы бойынша 56 506 балдырған мектепке алғаш барды. Облыста жалпы саны 488 520 оқушы білім алады.
Өңірде 1 қыркүйекте жаңадан 7 мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 15 мектеп пайдалануға беріледі. «Айта кетерлігі, Арыс қаласындағы әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарымен »Самұрық - Қазына« ҰӘҚ» АҚ айналысуда. Компания өңірдегі 16 орта мектепті 100 пайыз қалпына келтіріп, оқу жылына дайындап үлгерді. Бүгінгі таңда Арыс қаласында қалпына келтірілуі тиіс 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 63-і пайдалануға берілген. Қалған 5 нысан қыркүйек және қазан айларында тапсырылатын болады», - деді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.