Арыстың бес секторында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 тамыздағы жағдай бойынша, Арыс қаласында 7056 жеке және көп пәтерлі үйлер қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары мен СҚОсекторларында құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбежәне Ақмола облыстарының секторлары 99%-ға қалпына келтірілді. Арыстың тұрғын үй қорында 5 мыңнан астамжұмысшы жұмысын жалғастыруда.

Бүгінгі күні 698 тұрғын үйде әрлеу жұмыстары жүргізілуде,тағы 41 үйді құрылысшылар нөлден бастап тұрғызды. Меншік иелерінің келіспеуінебайланысты 34 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілмей тұр.

2 мыңға жуық құрылысшы әлеуметтік нысандарда жұмыс істейді,олар білім беру мекемелерінің 50 ғимаратын, 4 денсаулық сақтау нысанын және екіспорт мектебін пайдалануға тапсырды. Сондай-ақ қалада 316 жөнделгенкоммерциялық нысан жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар