39 жастағы келіншек WhatsАpp желісінде топ ашып, Қытайдан төмен бағаға ыдыс-аяқ жеткізетіні туралы хабарлаған. Тауарды жеңілдікпен алу механизміне мүмкіндігінше тапсырыс берушілерді көптеп тартқан.
Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд теңгеге жеткен.
«Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір 39 жастағы әйел қамауіа алынып, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.