«Тәуке хан бойында орналасқан сауда үйлердің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырған. Осыған байланысты ол жерде адамдар көп жиналған. Дүкен ашылған кезде адамдар бір-бірін итеріп, қыса бастады. Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік пунктің учаскелік инспекторлары келді. Зардап шеккендер жоқ. Дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады»-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпараратында
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы киім дүкеніне кезекке тұрған адамдардың видеосы тарады. Онда көпшіліктің бір-бірін қысып, есіктен кіре алмай жатқанын көруге болады. Тіпті, қысылып қалғандар арасында балаларда болған.
«Осындай акция жасамай-ақ қойыңдаршы халықты қинамай», «Мынау сұмдық қой, айтарға сөзім жоқ», «Тегін киім таратып жатқандай»-деп жазған бір оқырман.
Видеодан алынған кадр