Ас әзірлей білмеген зайыбын сотқа берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальяндық азамат зайыбын тамақты нашар дайындап, үйді жөнді жинай алмағаны үшін кінәлады, деп хабарлайды The Local.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, итальяндық Соннино коммунасының 40 жастағы үй шаруасындағы әйел алты жылға сотталуы мүмкін. Зайыбынан 7 жас үлкен болған оның күйеуі екі жылдан астам уақыт бойы әйелінен зардап шегіп отырғанын айтты. Ол антисанитариялық жағдайда тұруға, әйелінен үнемі сөз естуге мәжбүр болып отыр, деп жазады басылым.

2013 жылы жүргізілген сұрау мәліметтері бойынша, апта сайын итальяндық әйелдер үй шаруасына күйеулеріне қарағанда 21 сағат көп уақыт бөледі. Бұл дамыған елдердің өкілдерінің арасында жүргізілген сұрау қорытындылары бойынша тіркелген ең үлкен айырмашылық, деп хабарлайды The Washington Post.