ТЖМ мына жайттарды есте сақтауға кеңес береді:
- Су құймаңыз! Май мен су бірікпейді – жалын одан әрі күшейеді.
- Жанып жатқан табаны сыртқа шығармаңыз: күйіп қалуыңыз және оттың таралуы мүмкін.
Дұрыс әрекет
- Плитаны сөндіріңіз. Қызуды тоқтатыңыз;
- Табаны қақпақпен немесе табақпен жабыңыз. От оттегісіз өшеді;
- Сулы, бірақ жақсылап сығылған сүлгіні қолданыңыз. Онымен жалынды абайлап жабыңыз;
Егер майлы өртке арналған F класты өртсөндіргіш бар болса, қолданыңыз;
Өрт күшейсе, дереу эвакуация жасап, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Пайдалы кеңес
Ас үйде міндетті түрде өртсөндіргіш немесе өртке қарсы жамылғы ұстаңыз. Бұл өмірді құтқаруы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
Айта кетейік, ТЖМ бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі туындайтынын ескертті.