АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қаңтар күні Астана қаласы ІІД жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Интерпол Ұлттық орталық бюросы 2015 жылдың желтоқсан айынан аса ауыр қылмыс жасап, халықаралық іздеуде жүрген 25 жасар Түркия азаматын ұстады, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Ол кәмелет жасқа толмағанға зорлық көрсеткен және алаяқтық әрекеті үшін іздеуде болған.
Ұсталған адам Астана қаласы ЖШС бірінде жұмыс атқараған.
Күдікті Астана қаласы ІІД уақытша қамау изоляторына қамалды. Түркия Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілуде.