деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP сайтына сілтеме жасап.
Осылайша, журналистер «Стаффордшир қазынасы» деген атау берген олжа осындай қазыналардың ірісі ғана емес және ең құндысы да болып отыр. Олжа 5 келі алтынды және 1,3 келі күмісті құрайды.
Жұмыссыз қазына іздеуші-әуесқой Терри Герберт металліздегіш құралдың көмегімен шілдеде VII ғасырға жататын мың жарымнан астам заттардың үстінен түскен болатын.
Енді, Терри Герберт пен жерінен қазына табылған фермер Фред Джонсон үш жарым 3 миллионнан астам фунтты тең бөліп алуға қолын ысқылап отыр. Бұл ақшаны қазір Бирмингем және Сток-он-Трент мұражайлары жинауда.
Қазіргі уақытта құндылықтардың бір бөлігі Лондондағы Британ мұражайына қойылды; ол табылған олжалар туралы кітап шығарып та үлгерді.