13 жыл бұрын ол жалған құжатты пайдалану арқылы Қазақстандағы банктердің біріндегі жинақ шоттарынан ірі көлемде ақша қаражатын заңсыз жолмен алған. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Ішкі істер министрлігінің сұранысы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан аумағына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта онымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Айта кетелік Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталған еді.