Аса ірі көлемде жемқорлық жасап, жасырынып жүрген күдікті шетелде ұсталды
09:36, 14 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — 11 қазанда ҰҚК ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық Орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді.
Көрсетілген адам аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген.
ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тамыз айында атқарылған жұмыс нәтижесі туралы жариялады.
Елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стандарт бекітілді.