Аса сирек кездесетін китті құтқарудың сәті түсті
08:22, 03 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Камчаткада балық ауына шырмалып қалған Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл кітабына енген белуха киті құтқарылды.
Ресей ТЖ министрлігінің Камчатка өлкесіндегі басқармасы өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, Петропавл-Камчатка шығанағының шекарасында белуха құйрығымен зәкірге ілініп қалған.
Сирек кездесетін китті құтқару ісіне құтқарушылар тобы жұмылдырылды. Өзіне қарай адамдардың жақындап келе жатқанынан шошынған киттің арпалысуы біраз қиындық туғызды. Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, құтқарушылар китті шырмап тұрған арқанды кесе алды. Бостандыққа шыққан белуха киті бірден Авачин шығанағына қарай жүзіп кетті.