Джинни деп ат қойған мысық иесіне миллион рубльге түсті.
Домбровскаяның сөзіне қарағанда, мұндай мысықтар әлемде бар-жоғы 25-ақ және олар аса қымбат тұрады.
Жануар сілеусінге қатты ұқсайды, тек денесі шағын. Ал үлкендерінің салмағы 13 келі тартады.
Домбровскаяның айтуынша, ол 20 жылдан бері мысықтармен айналысып келеді. Асырағандары да аз болмаған. «Осыны көргенде шыдай алмадым. Күйеуім де түсініністікпен қарады. Біз машинамызды сатып, осы мысықты алдық»,-дейді ол қуанышын жасыра алмай.