Аса үлкен жылан автомобиль көлік капотының астында саяхаттады

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкадағы қорықта питон демалысқа шыққан британдық жұптың көлігінің астында шағын сапар жасады,

деп жазады THe Daily Mail. Марлин Суорт пен Леон Суанеполдың айтуынша, олармен бірге осыған ұқсас оқиға ешқашан болмаған және олар үлкен жыланмен жасаған саяхатын өмір бойы ұмыта қоймас.

Ағылшын отбасының баяндауынша, питон олардың көлігінің астына қорықтағы арыстандарды көру үшін жақын жердегі қарау алаңына барғанда кірген көрінеді. Марлин Суорт пен Леон Суанепол өз көліктеріндегі жыланмен бірге бес шақырымға жуық жол жүрді. Содан кейін капотты ашып қараған, ал жайғасып алған жылан жан-жағындағы адамдардың сабырсызданғанын көріп қана жатқан.

Олар қарманып жүріп питонды капот астынан шығарған. Әлгі жылан тып-тыныш қана  жорғалап өз жайына кете барған.