Асад Пальмираны қалпына келтіру үшін БҰҰ-дан көмек сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия президенті Башар Асад Пальмира қаласын қалпына келтіру үшін БҰҰ мен халықаралық ұйымдардан көмек сұрады. Бұл туралы Reuters хабарлайды. Сондай-ақ Асад тарихи маңызы бар қаланың террористерден азат етілуін құп көрген БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға алғысын білдіріп, ресми хабарлама жолдады.

Естеріңізге сала кетсек, таяуда Сирияның үкімет әскерлері Пальмираны «ИМ» ұйымының содырларынан толықтай азат етті, деп жазады 24.kz.