«Бас прокурор Жақып Асановтың 10 қазандағы бұйрығымен Бас прокуратураның тәртіптік комисиясының ұсынысы негізінде Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары Рашид Дубаев, облыс прокуратурасының қылмыстық процесстің сотқа дейінгі кезеңінің заңдылығына қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы Алмас Абдақасов және Теміртау қаласының прокуроры Біржан Шәулиев қызметтерінен босатылды және прокуратура органдары қарамағында қалдырылды», - делінген Бас прокуратура баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ ведомство Қарағанды облысының прокурорына сөгіс жарияланғанын атап өткен. «Бұған дейін Бас прокуратураға азамат К.Алпысбаев Қарағанды облысы прокуратурасы қызметкерлерінің әрекетіне және олардың қылмыстық істе қадағалау барысында жіберген бұзушылықтарына шағыммен жүгінген болатын. Тексеру барысында шағымданушының дәйектері нақтыланды. Бірқатар қылмыстық іс бойынша күдіктінің әрекетін дұрыс жіктемеу фактілері анықталды», - деп нақтылады Бас прокуратурадан.
16:15, 12 Қазан 2016
Асанов Қарағанды облысының бірқатар прокурорын лауазымынан босатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың бұйрығымен Қарағанды облысының бірқатар прокуроры лауазымды қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.