АСЕАН елдері әлеуметтік желіде экстремизмді таратуға қарсы шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) сыртқы істер министрлері әлеуметтік желілердегі экстремистік материалдарды таратуға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен мәлімдеме дайындады.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Агенттіктің деректеріне сәйкес бірлескен мәлімдемені Манилада 7 тамызда өтетін қауіпсіздік жөніндегі АСЕАН өңірлік форумының қатысушылары қабылдады. Шараға қатысуға «азиялық ондық» елдерінен (АСЕАН-ға кіретін елдер - Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Бруней, Вьетнам, Лаос, Мьянма, Камбоджа) ғана емес, Ресей, Қытай және АҚШ-ты қоса алғанда, АСЕАН-ның 17 диалогтық әріптестері қатысады.

6-8 тамызда Филиппинде Шығысазиялық саммитке қатысушы елдер дипломаттарының министрлік деңгейдегі кездесуі және қауіпсіздік жөніндегі АСЕАН Өңірлік форумының сессиясы өтеді.