Отандасымыз әйелдер арасында стенд атуда жекелей сында скип бағдарламасы бойынша сынға түсті.
Қортындысында, Әсем 28 ұпай жинап, қола жүлде жеңіп алды.
Айта кетейік, бұл — қазақстандық спортшының осы Азиададағы екінші жүлдесі. Ол осыған дейін әйелдер арасында командалық сында күміс еншіледі.
Әсем Орынбай Ханчжоудағы Азия ойындарында екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған еді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азиа ойындарында күміс жүлде жеңіп алды.