Әсем Орынбай бастаған мергендер Италияда өтетін әлем кубогына аттанады

АСТАНА. KAZINFORM – Стенд атудан Қазақстанның ұлттық құрамасы Лонатода (Италия) өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады.

Фото: olympic.kz

Ірі халықаралық турнирде еліміздің намысын 20 спортшы қорғайды. Құрама сапына төмендегі мергендер енді:

- Әсем Орынбай

- Элеонора Ибрагимова

- Даниил Почивалов

- Марк Почивалов

- Әлішер Айсалбаев

- Айжан Досмағамбетова

- Лидия Башарова

- Ольга Хайлова

- Богдан Конченко

- Александр Мухамедиев

- Илья Пеньков

- Зоя Пискун

- Артемий Плиско

- Анастасия Прилепина

- Адель Садақбаева

- Наргиза Сарманова

- Артём Седельников

- Лейла Шантекова

- Данил Стрельцов

- Ратмир Еникеев

Жарыстар 3-13 шілде аралығында өтеді.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда өткен әлем кубогы кезеңінде Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бұдан бұрын стенд атудан отандастарымыз әлем кубогында «трап» сайысында сынға түскенін жазғанбыз.