Әсем Орынбай стенд атудан Әлем кубогының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Алматы облысында ерлер мен әйелдер арасындағы «скит» дисциплинасы бойынша стенд атудан Әлем кубогының іріктеу кезеңдері аяқталды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әсем Орынбай іріктеуден сәтті өтіп, жарыстың финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Іріктеу қорытындысы бойынша, отандасымыз 118 ұпай жинап, турнирдің ең үздік сегіз спортшысының қатарына енді. Әйелдер арасындағы финал сағат 15:30-да басталады.

Осыған дейін Алматыда стенд атудан әлем кубогы кезеңі басталғаны туралы жазған едік.