Аталған финалға стенд атудан Қазақстан құрамасы сапынан бір спортшы жолдама алды. Ол – Әсем Орынбай.
Орынбай стенд атудан skeet бағдарламасы бойынша сынға түседі.
Айта кетелік, қазақстандық спортшы биылғы маусымда сәтті өнер көрсетіп, әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.
Өкінішке қарай, Олимпиада төрінде Әсемге жүлделі орын бұйырған жоқ.