«Мемлекет басшысы қойған мақсаттарды және «Нұр-Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын ескере отырып, 2021 жылы қол жеткізу қажет нысаналы индикаторлар айқындалды. Ең алдымен, осы жылы экономиканың өсімін 3 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта әрбір сала мен өңір үшін нысаналы параметрлер айқындалды. Сондай-ақ, басты міндеттердің бірі - 2021 жылы 15,4 трлн теңге сомаға инвестиция тарту болып саналады. Бұл инвестицияны жалпы ішкі өнімнің 20 пайызы деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Әсет Ерғалиев.
09:36, 16 Ақпан 2021
Әсет Ерғалиев: Биыл 15,4 трлн теңге инвестиция тарту - басты міндет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 15,4 трлн теңге сомаға инвестиция тарту - басты міндет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.