Әсет Ирғалиев ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Әсет Ирғалиев 1986 жылы Қостанай қаласында дүниегекелген. 2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын, Швецияда халықаралық бизнес мектебін, 2009 жылы — Йоркуниверситетін және 2010 жылы — Ноттингем университетін тәмамдаған. Мамандығы —экономист. Мемлекеттік – қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2010 жылғы қыркүйек айында ЛондондағыЕуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) экономика департаментінде ШығысЕуропа және Кавказ бойынша экономикалық саясаттың аймақтық талдаушысы ретіндебастаған. 2011 жылғы қазан айынан 2012 жылғы қараша аралығында осыдепартаментте Бас өңірлік талдаушы болып қызмет атқарған. 2011 жылғы қарашаайында банктің өңірлік экономисті болып еңбек еткен.

2013 жылғы қаңтарда «Экономикалық зерттеулеринституты» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры болып тағайындалған.Аталған құрылымда Ә. Ирғалиев 2016 жылдың басына дейін Басқарма төрағасыныңбірінші орынбасары, Басқарма төрағасының орынбасары, вице-президентлауазымдарын атқарған. 2016 жылғы ақпан айында «Экономикалық зерттеулеринституты» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

2016 жылғы қазан айында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарматөрағасының кеңесшісі қызметін атқарды, 2016 жылғы желтоқсанда ҚРПремьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалған.

2017-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі КеңсесініңЖобалық басқару орталығының меңгерушісі лауазымын атқарған.

2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурыз аралығында ҚРұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.

2019 жылғы наурыздан қазіргі таңға дейін ҚРПремьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет кеткен.

Соңғы жаңалықтар