«Ол парақшаларды өзі жүргізеді. Сонымен қатар әкім желіде көтерілген мәселелерді бізге жолдап, оны бақылауға алуды тапсырып жатады. Бізде WhatsApp желісінде негізгі бағыттар бойынша бірнеше топтар бар. Бұл тұрғыда көлік, ТКШ, денсаулық сақтау, білім және өзге де маңызды салалар бағытында жеке хабар ретінде келіп түскен мәселелерді әкім бақылап отырады, сондай-ақ оларды осы топтарға да жібереді»,-деді Қайсар Жұмабайұлы.
17:42, 13 Ақпан 2017
Әсет Исекешев әлеуметтік желілерде парақшаларын өзі жүргізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев әлеуметтік желілердегі парақшаларын жеке өзі жүргізеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында елорда әкімдігі жанындағы «ElordaAqparat» ЖШС медиахолдингінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.