«Соңғы 20 жылда жалпы өңірлік өнім 190 есеге өсті. Мемлекеттік бюджетке түсімдер 80 есеге артты, яғни 1997 жылдағы 13 млрд теңгеден 2017 жылдағы трлн теңгеге дейін жетті. Жиырма жылда тұрғын үй құрылысына 1 трлн 600 млрд теңге салынып, 180 мыңға жуық пәтерді қамтитын 1 265 тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Соңғы бес жылда Астанада 9 млн шаршы метрден астам баспана тапсырылды. Атап айтқанда, 5 жылдың ішінде 300 мың адамға арналған қала салынып шықты, яғни бұл орташа облыс орталығы секілді аумақ Астанада пайда болғанын білдіреді», - деді Әсет Исекешев «Астана - даму мен инновацияның 20 жылы» форумында.
Осы орайда қала басшысы бұл көрсеткіштер үлкен жетістіктерді білдіретінін, дегенмен алдағы уақытта да елеулі жұмыстар күтіп тұрғанын атап өтті.
«20 жылда Астанада 1172 өндірістік, әлеуметтік-мәдени әрі қоғамдық маңыздағы нысандар салынды. Негізгі капиталға инвестициялардың жылдық көлемі 1997 жылдан бері 44 есеге өсті және 20 жылда жалпы 8 трлн теңгені немесе 47 млрд долларды құрады. Бұл үдеріс 2017 жылы да жалғасын тапты, яғни ЭКСПО-ны өткізудің арқасында бізде оң экономикалық көрсеткіштер байқалды. 2017 жылы елорданың экономикасына 945 млрд теңге инвестиция тартылып, оның ішінде 70 пайызы жеке инвестициялар», - деп нақтылады Астана әкімі.
13:51, 26 Қаңтар 2018
Әсет Исекешев Астананың 20 жылдағы жетістіктерін жария етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 жылдың ішінде елорда аумағында 300 мың адамға арналған қала салынып шықты. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.