«Fokker-100» әуе кемесінің екінші ұшқышы Вадим Смеречанский II дәрежелі «Айбын» орденіне ие болды. Әуе кемесінің борт серіктері Рустам Ибрагимов, Жадыра Мударисова және Александр Шестаков «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Айта кетейік, 6 мамыр күні Ақордада экипаж командирі Дмитрий Родин әскери және қызметтік міндетін атқару барысындағы көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Халық қаһарманы», Алтын жұлдыз және «Отан» орденімен марапатталған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы 27 наурызда Bek Air әуекомпаниясына тиесілі «Fokker-100» ұшағы Астана әуежайына алдыңғы шассиі ашылмай, апатты жағдайда қонған болатын. Әуе кемесін командир Дмитрий Родин қондырды. Бортта экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 121адам болған. Зардап шеккендер жоқ.