«Осы уақытта апат болған жерде Астана әкімдігінің арнайы штаб өкілдері жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар оқиға орнына елорда әкімі Әсет Исекешев те шықты. «Астана-РЭК» АҚ ақпараттары бойынша, тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету шаралары жақын арада және кезең-кезеңімен жүзеге асады»,-деді Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.
Айта кетейік, 6 мамыр күні 22 сағат 30 минутта елордада Сәтпаев пен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысындағы кабель өртенген. Соның салдарынан Б.Момышұлы даңғылындағы «Ақбұлақ» және 4,5 шағын аудандар, «Еуразия» СО жарықсыз қалды.