Әсет Исекешев елордадағы аулалардың абаттандырылуын тексерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Байқоңыр» ауданында абаттандырылған 15 аула тапсырылды. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Қаналимов Фейсбукте жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.




«Конституция және Білім күндеріне орай «Байқоңыр» ауданында 15 абаттандырылған аулалар ашылуда (Ж. Досмұхамедұлы к. 4, 6, 8, 10, 12, А. Янушкевич к. 5, А. Кравцов к. 3, 5, 5/1, 7, 7/1, А. Пушкин к. 1, 3/1). Асан қайғы көшесінде орналасқан № 8 үйінің тұрғындарына бүгінгі күн қос мерекеге айналды! Осындай маңызды күні, аулалардың салтанатты ашылуына қала әкімі Әсет Исекешев қатысып, ауданда жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты»,-деп хабарлады Ерлан Қаналимов.

Аулаларда футбол алаңдары, балалардың ойнайтын орындары, көше жаттығу құрылғылары және түрлі шағын сәулет нысандары орнатылды.