АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев инвестициялық омбудсмен болып тағайындалды. Осыған байланысты ҚР Үкіметінің қаулысы (2015 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулы) «Әділет» ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі Әсет Өрентайұлы Исекешев инвестициялық омбудсмен болып тағайындауға қаулы етеді», - делінген құжатта.
Айта кетейік, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.