Әсет Исекешев сауданы қалай дамытады
"Қала тұрғындары үшін барлық қызметтер қолжетімді болуы қажет. Соның ішінде сауда орындары да ыңғайлы жерде орналасуы шарт. Сол себепті біз қазіргі базарларды қайта құру жұмысын бастап кеттік. Астана бойынша 25 базар бар. Биыл жетеуі қайта құрылады. Қалғанын екі жылдың ішінде аяқтаймыз. Бұдан бөлек, жаңа базарлар мен гипермаркеттердің құрылысы басталды. Сосын біз "шағын бизнеске арналған мың орын" деген жобаны қолға алдық. Аталған орындар барлық жерлерде орналасқан. Осы уақытқа дейін 600-ден астам орынды таратып бердік. Енді, аукционның келесі кезеңін бастаймыз. Оны блокчейннің негізінде өткіземіз. Сонда ашықтық болады", - деді Ә.Исекешев "World of Trade 2018" Халықаралық конвенттің ашылу рәсімінде.
Айта кетейік, бүгін Астанада "World of Trade 2018" Халықаралық конвент басталды. Жиынға саудагерлер, тауар өндірушілер мен ритейлерлер келді. Негізгі мақсат - сауда-саттықтың тың жолдарын анықтау.