«Қазіргі қиын кезеңде аталған шешім дер кезінде қабылданды деп пайымдаймыз. Мәжілістің бесінші шақырылымдағы депутаттар тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылды. Яғни, «100 нақты қадам» реформалары аясында өте маңызды заңнамалар қабылданды. Сонымен қатар бұдан кейін инвестициялық ахуалды жақсартудың елеулі резервтерін байқаудамыз», - деп тоқталды Ә. Мағауов.
Қауымдастық өкілдерінің пайымынша, Мәжілістің жаңарған құрамы, яғни оған тың идеялар мен жасампаз депуттардың келуі жер қойнауын пайдалану саласындағы заң жобаларын тыңғылықты қарастыруға, сондай-ақ бұл бағытта инвестициялық климатты жақсартуға қажетті базаны құруға мүмкіндік береді.
«Тиімді Парламент - ол тиімді заңнаманы даярлаудың және тиісті инвестициялық климатты жақсартудың басты факторы. Шынымен де қазіргі кезде әлемдік энергетикалық нарық төмен бағалардың қысымын басынан өткеруде. Сәйкесінше, бұл жағдай Қазақстанның мұнай-газ секторына әсер етуде. Осы орайда жер қойнауын пайдалану секторын реттеудің озық шаралары қажет деп ойлаймыз. Сондықтан да баршамызға, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік қызметтер жаңартылған Парламентпен бірлесе қызу жұмысқа дайындалуы қажет», - деп түйді Ә. Мағауов.