Асфальт-бетон зауытын өндіріске қосудың алғышарттары жасалды

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қазалы жолшы» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі Қытай елінен сатып алынған «L-80» маркалы асфальт-бетон зауытын өндіріске қосудың алғышарттарын жасады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қондырғы сағатына 80 тонна өнім өндіреді. Серіктестік аудан көлеміндегі автомобиль жолдарын күрделі және ағымдағы орташа жөндеу жұмыс­тарымен айналысады. Осы бағытта он жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан құрылымға жаңадан 6 адам жұмысқа қабылданды.