Аш таутайлақ баланың зәресін ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде АҚШ-тағы сапари-паркте таутайлақтың (лама) баланың тамағын тартып жегені түсірілген видео кеңінен таралуда.

Оны Теннесси штатындағы сапари-паркте  қыдырып жүрген Трой есімді баланың ата-анасы түсірген.

Таутайлақтың бірі әке-шешесімен, ағасымен бірге қыдырып  жүрген бала көлік ішінде қалған сәтте машина терезесінен басын сұғып, оның қолындағы шелекке салынған асты жей бастаған. Қатты қорыққан бүлдіршін  орындықтың бұрышына тығылып, шыңғырып  жылап жіберген.

Бұл бейнекөріністі  YouTube-тегі Jason Jensen арнасында 19 наурызда жарияланған. Небәрі үш күннің ішінде роликті 440 мың адам көрген.