Аша Матай бастаған әншілер қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай, актриса Қарлығаш Мұхамеджанова мен әшекей бұйымдарының брэндін қалыптастырушы Ольга Ким үшеуі бірлесіп Алматыда қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп жатыр, деп жазады baistars.kz.

Демалыс күндеріне жоспарлаған шарада өнер иелері сәнді көйлектер мен бағалы киімдерін арзан бағада сатады. Әшекей бұйымдары мен тәттілерді де осы жерден табуға болады.

Жәрмеңкеден түскен қаражатты қыздар Әлихан есімді бөбектің емделуіне көмек ретінде беруді жоспарлап отыр. 5 жасар балаға шұғыл түрде ота жасау қажет.