Аша Матай грузин әншісінің бейнебаянына түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузин әншісі Сосо Павлиашвили көктемнің алғашқы күндерінде «От Астаны и до Москвы» деп аталатын бейнебаянының тұсауын кесті, деп хабарлады baistars.kz.

«От Астаны и до Москвы» бейнебаяны бұл өте әсерлі оқиғаға негізделген. Ол керемет Астана мен Мәскеу арасындағы махаббатты бейнелейді. Сосо шығармашылығы әркез әйелдерге арналған. Бұл оны қанаттандырып, шабыт береді», - деп жазылған әншінің Инстаграмдағы парақшасында.
Түсірілім жұмыстары Қазақстан мен Ресейді жүргізілген. Басты рөлде танымал қазақстандық актриса әрі әнші Аша Матай ойнаған.