Ай-күні жақындаған Аша Матай өзінің қазіргі күйін естелікке қалдырғысы келді ме, жұбайы Арман Қоңырбаев екеуі жуырда эксклюзивті фотосессияға қатысты.
«Барлығына сәлем! Соңғы уақытта Инстаға кіретін уақыт жоқ. Себебі болып жатқан оқиғалар, жұмыстар мен жағымды әурешіліктер өте көп. Келесі жазбаларымда сіздермен барлығымен ақырындап бөлісетін боламын. Кештеріңіз сәтті өтсін! #АрманКонырАшаМатай#AAoneLoveKZ», - деп жазды ол өзінің Инстаграмдағы парақшасына.
Еске салайық, Mysterions тобының солисті Арман Қоңырбаев пен тележүргізуші Аша Матайдың «шоу-бизнесте» басталған таныстықтары тоймен аяқталып, олардың үйлену салтанаттары БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ең көп талқыланған оқиғалардың бірі болды.