Асхат Аймағамбетов: Мектептерде ақылы олимпиадалар болмауы керек
«Біз дарындыбалаларды ары қарай да қолдаймыз. Бірақ, білім мен білім жүйесі сепаратор, сегрегацияқызметін атқармауы тиіс. Біз керісінше, әлсіз мектептерді үздік мектептердіңдеңгейіне сүйреуіміз керек. Десе де, дарынды балалармен жұмыс жеке тұруы тиіс.Қазақстанның дарынды балалары халықаралық интеллектуалдық сайыстарда үздікорындар алып жүр. Соңғы 3 жылда ғана қазақстандық оқушылар 444 алтын медаль,540 күміс, 848 қола медаль иеленген. Әлбетте, бұл бағыттағы жұмысты жалғастырукерек», - деді Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында.
Білім және ғылымминистрі осы ретте елімізде өтіп жатқан ақылы олимпиадалар мен байқаулар туралысөз қозғады.
«Ақылы байқауларкөбейіп кетті. Ата-аналар кейде амалсыз балаларын қатыстыруға мәжбүр болады.Кейде ол байқаулардың пайдасы да жоқ. Кейбір интернет олимпиадаларда қағазғабасып, ақша төлеп, тапсырма алып үйіне қайтқан бала бүкіл отбасы болып,тапсырманы шешіп, ақыры қандай да бір орын алады. Бұл қаншалықты пайдалы,қаншалықты дұрыс? Сондықтан, олимпиадалар бойынша Білім және ғылымминистрлігінің ұстанымы бар – мектептерде қазіргідей көп әрі форматта ақылыолимпиадалар болмауы керек. Олимпиадалар мен байқаулар бізде болады. Оларкерек! Бірақ, бұл ретте министрлік тарапынан нақты регламент болады», - дедіБілім және ғылым министрі.