Оқу орнының хабарлауынша, Асхат Аймағамбетов бүгінгі күннен бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқиды.
«Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын» – деді Асхат Аймағамбетов.Еске салсақ, бүгін Асхат Аймағабетов Amanat партиясының Мәжіліс сайлауына үміткерлер тізіміне енді. Ол 2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.