Асхат Дауылбаев Әзірбайжан, Иран, Моңғолия Бас прокуратураларының делегациялары басшыларымен жүздесті

ТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін 6-шы өңірлік конференциясы аясында ҚР Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Әзірбайжан,

Иран, Моңғолия Бас прокуратураларының делегациялары басшыларымен екіжақты кездесулері өтті.

Кездесу барысында тараптар баянды қарым-қатынасқа ризашылықтарын білдіре отырып, өзара қарым-қатынастың келешегін және өзге де өзара қызығушылық танытатын маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

Асхат Дауылбаев әңгімелесушілерге Қазақстан үшін ерекше мәні бар оқиға - Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп жатқан форум жұмысына белсенді түрде қатысқандарына алғысын айтты.

Қонақтар форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті және жылы қабылдауларға ризашылықтарын білдіре отырып, заңдылықты және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі түрлі елдер прокуратураларының ортақ стратегиялық міндеттерімен байланысты кең ауқымды мәселелер бойынша тәжірибе алмасу және мүдделі қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруға деген шынайы ниеттерін растады.

Сондай-ақ халықаралық қарым-қатынасты нығайту, экономикалық, саяси және мәдени байланыстарды дамытуда қадағалау органдарының арасындағы жемісті қарым-қатынастың әлеуеті зор екенін атап көрсетті.