Мемлекет басшысының Өкімімен Асхат Максимұлы Маемиров Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметіне тағайындалды.
Асхат Маемиров - Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, философия докторы (PhD), Президенттік "Болашақ" стипендиясының иегері. Ол Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 2008 жылы Сарбонно-3 Университетінде оқыды, Франциядағы Париж драмалық өнер ұлттық консерваториясында тәжірибеден өткен. 2010 жылы театр өнерінің магистрі дәрежесін Ресейдегі театр өнері академиясында (ГИТИС) қорғаған.
17:54, 15 Қараша 2018
Асхат Маемиров Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына жаңа ректор тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.