Асхат Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Фото: gov.kz

«Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген ресми ақпаратта.

Асхат Оразбай 1960 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. 1985 жылы В.И.Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетін бітірген.

1982-1983 жылдары Ауғанстанда әскери аудармашы болды.

2004 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.

2008-2012 жылдары Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі болды.

2012 жылғы 4 шілдеден 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін – Қазақстанның Индонезия Республикасындағы Елшісі.

2015 жылғы 20 тамыздан 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін – Қазақстанның Филиппин Республикасындағы Елшісі толық емес жұмыс күні.

2019 жылдың қаңтарында ол Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Елшісі қызметін қабылдады.

Бұған дейін Асхат Оразбай Қазақстанның Ирандағы Елшісі қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз.