Асхат Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Фото: Фото: Kazinform

Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы Kazinform Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ ол Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.