Асхат Уалихановтың кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уалиханов алдағы айқасында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандасымыз үшінші кездесуін 28 сәуір күні, АҚШ-тың Бурбанк қаласындағы (Калифорния штаты) «Marriott» спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы 30 жастағы пуэрто-рикалық Антонио Санчес болмақ. Ол кәсіпқой бокста 12 кездесу өткізіп, 5 кездесуінде жеңіске жетсе, 4 кездесуінде жеңілген. Үш рет қарсыласымен тең түскен.

Ал Асхат Уалиханов осыған дейін кәсіпқой бокста екі кездесу өткізген. Алғашқы кездесуінде жеңіліс тауып, екінші айқасында қарсыласынан айласын асырған болатын.