Ашғабадта Түрікмен қауынының күні аталып өтті

АСТАНА.  Тамыздың 10-ы.  ҚазАқпарат -  Тамыз  айының әрбір  екінші  жексенбісінде Түрікменстанда       түрікмен қауынының күні   деп  алататын     халық мерекесі     тойланады.

Бұл  атаулы күн  елдің     тұңғыш  президенті Сапармұрат Ниязовтың    бастамашылығымен  1994 жылы тағайындалған   болатын,  деп   хабарлайды ҚазАқпарат  РИА «Новости» агенттігіне  сілтеме  жасап.

Сапармұрат Ниязов     дәмі балдай тәтті     қауын    сияқты Түрікменстанның   мақтанышы  үшін       халық мерекесін  өткізу  артық  емес деп санаған.

Қауынға арналған  мерекелік  іс-шаралар    елде бір апта бойына    жалғасады.   Бірақ   басты салтанаттар  жексенбі күні  Ашғабадта  өтеді.  Барлық  саябақтарда,  гүлзарлар  мен мәдени орталықтарда  халық серуені,  мерекелік концерттер,   театрландырылған қойылымдар өтеді,    қонақтарға тегін    қауындар  мен   қарбыздардан дәм ұсынылады.